"Қызды кім айттырмайды?" Танымал әнші Балжан Бидаш екі жақсы жаңалығын жария етті

"Қызды кім айттырмайды?" Танымал әнші Балжан Бидаш  екі жақсы жаңалығын жария етті
Фото: instagram.com/bidash_official/

Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде бір емес, екі жаңалығын қатар бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуелі әнші жақында "Dos bala" деп аталатын жаңа әні жарыққа шығатынын жазып, тыңдармандарынан сүйінші сұрады. 

"Сәлем, қалайсыздар? Бірінші әңгімені осындай әдемі суретпен бастайын. Мендегі жаңалық - жақында "Дос бала" әні жарыққа шығады. Одан кейінгі жаңалық, шашымның өскені. Шашым өсіп қалыпты, иә? Каре болған кез естеріңізде ме?", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Кейін әнші архивтегі видеосын жариялап "Осы видео интернетті шулатып жатыр екен. "Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді" дей ме? Ұсыныс жасаса, өзім айтамын сіздерге, анау-мынау әңгімелерге сене бермеңіздер!", - деп жазды Балжан Бидаш. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева