Әлеуметтік желіде қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Өскемендегі сауда орталығында болғаны хабарланды. Видео дәретханада түсірілген, онда бір қыз екіншісін қатыгездікпен ұрады. Тағы бір қыз оқиғаның бәрін видеоға түсірген.
Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті растады.
"Тексеру жүргіздік. Бұл оқиға бір айдан аса уақыт бұрын - биыл 1-2 наурызда болған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бір топ адамдар жасаған бұзақылық") бойынша тіркелді. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомство өкілдері тергеу аясында егжей-тегжейлі ақпарат жарияланбайтынын айтты. Оқиғаға қатысқандардың жеке басы анықталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!