- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қыздарым ұқсай ма...
"Қыздарым ұқсай ма екен?" Алтынай Жорабаева 11 жасындағы суретін көрсетті
Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағындағы суретін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзінің балалық шағындағы және қыздарының суретін жүктеген.
"11 жастағы Алтынайға қыздары ұқсайды ма екен?
Бірінші суретте:
Талғат - 4 жаста;
Ақтолқын әпкем, үйдің тұңғышы - 17 жаста;
Алтынай - 11 жаста", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырған.
"Қыздарыңыз келбеті келіскен. Қастары қалың, мұрындары әдемі", "Өзіңіз анаңызға ұқсайды екенсіз, қыздарыңыз бірінен-бірі өткен сұлу екен", "Қыздары Алтынайға ұқсайды, сұлу бәрі", "Ұқсайды екен, қыздарыңыздың қызығын көріңіз", "Қастары қиылып тұр ғой, анасы ұқсап", "Көз тимесін, қандай сұлусыздар отбасымен", "Алланың саған ұқсатып бере салғандары ғой", - деп жазған олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә