- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыздарға арналған "ақылды"...
Қыздарға арналған "ақылды" сырға жасалды
Соңғы кездері мамандар кез-келген нәрсені "ақылды" етіп шығаруға тырысып жүр. Қыздардың әшекей бұйымы сырға бұдан тыс қалмапты.
Бір қарағанда бұл сырға қарапайым зергерлік туынды секілді көрінеді. Бірақ, құрылғы өз иесінің денсаулығын бақылай алады. Қолданушы оны смартфонға сымсыз қосу арқылы барлық ақпаратты дисплейден көре алады.
"Ақылды" сырғалар иесінің жүрек соғысының жиілігін, белсенділік деңгейін көрсете алады. Оны iOS және Android платформасында жұмыс істейтін барлық аппараттарға қосуға болады.
Өнімді Канаданың BioSensive Technologies компаниясы жасап шығарған.
"Біздің ойымызша, адамның қолданатын барлық заттарында пайдалы функциялар болуы тиіс. Сондықтан, біз осы Ear-o-Smart деп аталатын сырғаны жасап шығардық", – дейді құрастырушылар.
"Смарт" сырға 2015 жылдың басында Канадада сатылымға шығады. Орташа бағасы 110 АҚШ доллары болмақ. Құрылғының ішкі құрылымын ғана сатып алып, сыртқабын зергерге жасатып алуға да болады.
Сурет: www.prothom-alo.com
Ж. Өрісбай