Алматы облысы Балқаш ауданында жағаұстатар жағдай болған еді. "Астарлы ақиқат" бағдарламасында осы жайтқа қатысты сұмдық деректер айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауыл белсендісі бағдарлама барысында осы отбасына қатысты жайттарды айтты. Оның сөзінше, егіздің анасы Алтынай балаларын өз анасы Нұржамалға, яғни нағашы әжесіне тастап, жұмысқа кетіп жүрген. Ал сұмдық жайт болғанын естіген ауыл тұрғындары жиналып, құзырлы органдардың алдында дейін барған.
"Алтынай деген - зорланып отырған қыздардың шешесі. ...Аналар (ауылдағы әйелдер - еск.) неге көтерілді? Арслан деген жігіт біздің балаларымызды мектепке тасиды. Таксист. Ауыл ішіндегі таксист жігіт", - дейді ол.
Бұл оқиға 3 қазанда болған. Сол күні жалғызбасты ана Алтынай қыздарымен бірге жергілікті ауруханаға түскен.
"Баланы алып келгенде, жағдайы орташа ауырлықта (болды - еск.). Қараған кезде шап аймағында қанау белгілері болды", - дейді дәрігер.
Осы іске қатысы бар күдікті қыздардың нағашы әжесінің күйеуі болып отыр. Ол арам ісін өз анасына мойындаған.
"Бәрін өзіме айтып кетейін деді. "Қызды солай еттім де саусағымды тығып аламын деді", - дейді күдіктінің анасы Нағашыбала Қыдырбаева.
Ауыл тұрғыны бұл оқиғаны қыздардың нағашы әжесі білгенін жеткізді.
"Сорақысы Нұржамал апамыздың өзі Арсланға жатқызып, өзі аузын басып тұрып (қыздардың - еск.), қосылып тұрып істеген..." - дейді тұрғындардың бірі.
Бағдарлама мәліметінше, қыздардың нағашы әжесінің әртүрлі күйеуден бес баласы бар, төрт рет тұрмысқа шыққан. Ал Арсланмен бес жылдан бері бірге тұрады.
"Тұрып жатқан үйден айырылып қаламын деген қорқынышы болған. Өйткені чат ашылғаннан кейін Нұржамалды жақсы танитын кісілер бар. (Cолар - еск.) "Талай рет өзіміз де көрдік. Аманат деген парк бар, Нұржамал бала-шағасын алып, түнделетіп (сонда - еск.) қонып жүреді екен" деді. Үй Арсландікі, қуып жібереді", - дейді ауыл тұрғыны.
Бұл оқиға қоғамда да дау туғызды. Полиция істі тергеп жатыр. Күдіктілер әлі де қамауда.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғаны хабарланған еді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да Балқаш ауданындағы 3 жасар қыздардың зорлану дерегіне қатысы бар күдікті ұсталғанын жазды.
Сонымен қатар, ол Instagram-парақшасында Алматы облысында зорланған балаларға қатысты оқиғаның сұмдық мән-жайын ашты.
Ішкі істер министрлігі осы іске байланысты полицияны тексеріп жатқаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!