- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызарған көз үшін...
Қызарған көз үшін ұшаққа мінгізбеген: Air Astana пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Air Astana әуекомпаниясының жолаушысы түсірген видео тарап жатыр. Бойжеткен көзі қызарғандықтан оны бортқа жібермегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода жолаушы сараптама тапсыруға дайын екенін айтады. Сондай-ақ, көзінің қызарғаныны үшін тасымалдаудан бас тарту туралы анықтаманы көрсетеді.
Air Astana компаниясы 26 шілдеде Алматы-Шымкент бағытындағы KC969 рейсінің жолаушысын неге тасымалдаудан бас тартылғанын түсіндірді. Олардың айтуынша, мас күйде болған жолаушының әрекеті әуекомпания қызметкерлерін алаңдатқан.
"Мұндай мінез-құлық жолаушының денсаулығына қауіп төндіруі және басқа жолаушыларға қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін ескере отырып, полицияның желілік бөлімшесінің қызметкерлері кейін тексеру кезінде алкогольдік ішімдіктердің бар-жоғын анықтауға шақырылды. Сараптама қорытындысы бойынша, қанда алкоголь бары расталды", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек