- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызанақ пен қиярды...
Қызанақ пен қиярды қосып жеуге бола ма? Гастроэнтеролог жауабы
Әдетте салаттар құрамында қияр мен қызанақ болады. Ғаламторда қияр мен қызанақ салаты зиян екені талай жазылды. Кейбір дәрігерлер де оның зиян екенін айтты.
Бұл өнімдердің құрамында – қызанақтағы аскорбин қышқылы және қиярдағы оны ыдырататын аскорбиназа ферменті бір-біріне қарама-қарсы. Осы себепті мұндай салатты жеуге болмайды. Мұндай комбинация ас қорытуға зиян келтіруі мүмкін.
Дача порталына берген сұхбатында диетолог, гастроэнтеролог Ирина Бережная бұл теорияның шындыққа еш қатысы жоқтығын түсіндірді.
Маман атап өткендей, қызанақ қышқыл, ал қияр сілтілі болғандықтан, оларды біріктіруге болмайды деп есептейтін мамандар бар. Бірақ шын мәнінде, мұндай компоненттер, керісінше, бір-бірін тамаша толықтырады, сондықтан қияр мен қызанақ комбинациясында қауіпті ештеңе жоқ.
Қызанақ пайдасы
Томаттар денені бос радикалдардың зақымдануынан қорғайтын күшті антиоксидант - ликопенге бай. Сонымен қатар, қызанақ қандағы холестерин деңгейін бақылауға көмектеседі және жүрек-тамыр жүйесін нығайтады. С дәруменінің арқасында бұл өнім иммунитетті арттырып, негізгі сұлулық протеині - коллаген өндірісін ынталандырады. Сондай-ақ қызанақтың құрамында ас қорытуға пайдалы талшық көп.
Қиярдың пайдасы
Қияр ағзаны ылғалдандырады және дегидратациядан қорғайды. Сонымен қатар ісінуді жеңілдетеді, өйткені олар диуретик ретінде әрекет етеді. Қияр 2 типті қант диабетінің қаупін азайтады. Бұл өнім дененің улануы кезінде зиянды заттарды кетіруге көмектеседі.
Бірақ Урал фитнес институтының маманы Игорь Мормиль әріптесімен келіспейді. Оның айтуынша, екі көкөністің де адамға пайдасы зор. Алайда екеуін бөлек-бөлек жегенде ғана, адамға пайдасы тиеді. Қызанақ – қышқыл, ал қияр – сілтілі өсімдік. Оларды бір-бірімен араластыруға болмайды.
"Біріншіден, қиярдың құрамындағы аскорбиназ қызанақтағы С дәруменін ерітіп жібереді. Екіншіден, қияр мен қызанақтың құрамындағы заттарды асқазан бір уақытта қорыта алмайды. Содан асқорыту жүйесіне салмақ түсуі мүмкін. Одан бөлек, қызанақ пен қияр біріксе, тұзға айналып, бауыр мен бүйректің жұмысына қиындық салады", - деп түсіндірді Игорь Мормиль.
Т. Раушанұлы