- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыз зорлады деген...
Қыз зорлады деген Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы қанша жылға сотталуы мүмкін?
Мемлекеттік айыптаушы қыз зорлады деп айып тағылып отырған Талдықорған полициясының экс-басшысына 12 жыл беруді сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Экс-полиция бастығына қатысты іс бойынша сот отырысында прокурор сотталушы Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Жетісу облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров растады.
Биылғы ақпанда Талдықорған ПБ-нің бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген болатын. Отырыстар жабық режимде өтті.
Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина