Бішкектің Первомай ауданының ІІБ көпқабатты үйлердің бірінде болған оқиғаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "24.kg-ге" сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 30 қаңтарда Бішкек ІІБ "102" қызметіне Логвиненко көшесіндегі үйлердің бірінің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесінен белгісіз қыз өзін лақтыруға әрекет жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, дерек расталған. Екі адам Бішкектің Первомай ауданының ІІБ тергеу қызметіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Бақытты отбасы» бағдарламасына кімдер қатыса алады? Бағдарламаның шарттары қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!