- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыз алып қашу...
Қыз алып қашу бойынша жеке есеп жүргізіледі - министрлік
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қыз алып қашу бойынша тіркелген қылмыстық істер қалай қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, қыз алып қашу - көбіне екіжақты келісім бойынша жасалатын жоралғы, дегенмен халықаралық ұйымдар мұны түсінбейді.
"Қыз алып қашу үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу туралы ұсыныс бар екенін білемін. Мәжілісте ол бастама талқыланып жатса, қуана атсалысамыз. Халықаралық ұйымдардың баяндамаларының бәрінде осыны бетімізге басып жатады. Олар мұндай дәстүрді қабылдай алмайды және түсінбейді. Менталитетті ескеріп, бұл мәселені түзетуге болады деп ойлаймын. Өйткені салтты алға тартып, азаматтардың конституциялық құқығын бұзатындар бар", - деді Игроь Лепеха.
Ішкі істер министрінің орынбасары қыз алып қашу әрекеті бойынша тіркелген қылмыстық істердің статистикасы жүргізілетінін жеткізді.
"Әрқайсы бойынша статистика жүргізіледі. Бізде Құқықтық статистика комитеті бар. Бап пайда болса, бірден статистикаға енгізіледі", - деді министрдің орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қыз алып қашуға қатысты жаза күшейтілмек екені хабарланған болатын.
Олжас Адай
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz