"Адамның қытығы қатты болса, ол - қызғаншақ" дегенді естіген боларсыз. Алайда оған ғылыми дәлел жоқ. Қытық деген не және оның қызғаншақтықпен қандай байланысы бар?
Қытық - теріде орналасқан жүйке ұштарын ынталандыруға жауап. Ол күрделі сезім және ол жанасуға жауап ретінде пайда болады. Ол күлдіруі де, жағымсыздық сыйлауы да мүмкін.
Қытық екіге бөлінеді:
Ғалымдар қытықтауды рефлекс ретінде ғана емес, сондай-ақ байланыс орнатудың бір әдісі ретінде қарастырады. Мысалы, көпшілік ата-ана баласын қытықтау арқылы ойнатады. Алайда бала қытықтағанда күлсе, бұл әркез оған ұнайды дегенді білдірмейді. Қытықтағанда адам күледі, бірақ ол оған жағымсыздық сыйлауы да мүмкін. Сондықтан әлі өзі сөйлеп, сезімін түсіндіре алмайтын баланы жай ғана аяғын және ішіп сипау арқылы ойнатқан жөн.
Бір қызығы, өзіңізді қытықтағанда мұндай әсер болмайды. Бұл адамның мұндай сезімге дайын болуымен түсіндіріледі.
Адамның қытыққа сезімталдығына бірнеше фактор әсер етеді:
Адамның қытығы келуі мен қызғаншақтық арасында еш байланыс жоқ. Бұған қатысты ғаламторда кең тараған пікірлердің көбі қабылдау типіне байланысты. Қабылдаудың бірнеше түрі бар: көру, есту және жанасу арқылы. Қабылдаудың жанасу типі басым адамдарды кинестетиктер деп атайды. Олар үшін физикалық байланыс маңызды. Кинестетиктердің қытығы қатты, сондықтан да қызғаншақтар деп саналады. Қытық ашу, тітіркену секілді жағымсыз сезім тудырады. Мұндай сезімдерді әдетте қызғаншақтыққа да жатқызады. Бірақ оған ғылыми дәлел жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!