Қытаймен шекарадағы өткізу пунктері уақытша жабылады

Қытаймен шекарадағы өткізу пунктері уақытша жабылады
Фото: depositphotos.com

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері 2025 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпанына дейін жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР-да Көктем мерекесіне байланысты 2025 жылғы 27 қаңтардың сағат 20:00-ден, 2025 жылғы 1 ақпанның  сағат 08:00-ге дейін, Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлады.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Қытайлық Жаңа жыл - Чуньцзе немесе Көктем мерекесі - қытайлықтар үшін ең маңызды мереке, ол екі мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келеді.

Биыл қытайлық Жаңа жыл 29 қаңтарға түсіп тұр және мерекелер дәстүрлі түрде 15 күнге созылып, шамдар фестивалімен аяқталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова
Logotype Massaget