Қазақстанда 13 мыңнан аса шетел азаматы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 072 шетел азаматы еңбек етеді.
Шетелден жұмыс күшін тартуға рұқсаттар арасында мынадай санаттар бар:
- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 568 рұқсат (бірінші санат),
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 528 рұқсат (екінші санат).
- Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады: олар 4 787 және 987 адам.
- Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 672 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 530 адам тартылған.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, қазір Қазақстанда шетелден жұмыс күшін пайдаланатын 1 710 жұмыс беруші бар. Оларда 383,1 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96,6 пайызы.
Шетелдіктер қай салаларда жұмыс істейді?
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында - 5 343 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 360 адам, өңдеу өнеркәсібі - 1 338 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер - 1 089, ауыл, орман және балық шаруашылығы - 688 адам.
Еңбек мигранттары қай елдерден келеді?
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
- Қытай - 4 778 адам,
- Түркия - 1 158 адам,
- Үндістан - 1 121 адам,
- Өзбекстан - 623 адам.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова