Қытайда жергілікті өнерпаздар Абай әндерін орындап жүр. Сиань қаласының орталығында "Көзімнің қарасы" шырқалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Сиань - жер шарындағы ежелгі қалалардың бірі. Көне қаладан кезінде Ұлы жібек жолы бастау алған. Мұнда жергілікті халық қазақ ән-күйінен хабардар. Абайдың "Көзімнің қарасын" өнерпаздар орындап жүр.
Айта кетейік, Сианьда мұсылмандар мешіті да бар екен. Бұл - тарихи орын. Қытайдағы ең ірі төрт мешіттің бірі. Қытай халқы бұл діни орынға аса құрметпен қарайды. Мемлекеттің арнайы қорғауында әрі мәдени ескерткіштер тізіміне енген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!