Қытайлық "СИНЬСИН" компаниясына 1 млрд теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жай
ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Экология департаменті "СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы" ЖШС-не қатысты тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесінде экологиялық заңнама бұзылғаны анықталды, ІІ санаттағы нысандарға экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану деректері тіркелген.
Сот шешімі
2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Алайда бұл қаулыға ЖШС Өскемен қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданды. Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Компания апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірген, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова