Қытайға 112 ақбөкен мүйізін алып өтпек болған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
12 маусымда Жетісу облысының "ШХЫО-Қорғас" кеден бекетінде кедендік және шекаралық бақылау жүргізу кезінде Қазақстан азаматы И. елден Қытайға ХШЫО аумағына барған "FAW" маркалы көлігінің капотына 112 дана "ақбөкен мүйізі" анықталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іс жүргізу әрекеттері жүргізіліп жатыр, автокөлік құралы УСҚ-ға "ILS" орналастырылды.
Бұл іс-әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 339-1-бабы "ақбөкенді заңсыз өндіру, жою, сол сияқты заңсыз өндірілген ақбөкенді немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау" бойынша көзделген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!