"Астана Моторс" Қазақстанда зауыт ашқысы келетін Қытайдың үш автокөлік брендімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана Моторс" қазір Қытайдың үш ірі компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Қытайдың ең танымал брендтері осында "Астана Моторспен" бірге зауыт ашып, локализация жасамақ. Халықтың автокөлікке деген сұранысы біздің автоөнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді", - деді Өскенбаев.
Журналистер министрге жеңілдетілген автокөлікті несиеге алу кезегі үш мыңға жеткенін айтты.
"Бұл өте жақсы, өйткені қазір бізде автокөлік өндірісі ұлғайып жатыр және тұрғындардың отандық көліктерге сұранысы жоғары, өндіретін көліктердің көлемін одан әрі арттыруымыз керек", - деп түсіндірді министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!