- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытайдың төрт азаматы...
Қытайдың төрт азаматы Алматы әуежайында әуе рейсінен түсірілді
Қытайдың төрт азаматы Алматы әуежайында әуе рейсінен түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 сәуірде Алматы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Air Astana әуекомпаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған жолаушылар туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтарын анықталды.
Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйінде болған, балағат сөздер айтып ортақ пайдаланылатын орынды ластаған.
Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқықбұзушыларда алкогольдік масаңдықтың "орташа" дәрежесі анықталды.
Шетел азаматтарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып әрқайсысыны 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Іс шешім қабылдау үшін Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан