Қытайдың танымал газетінде Тоқаевтың мақаласы жарық көрді

Бүгін Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation" ("Қазақстан мен Қытайдың берік қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастық кепілі") атты мақаласы жарық көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мақалада Қазақстан мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайту тақырыптары қозғалған.

Газеттің дүниежүзілік таралымы – 700 000 дана.

Басылымның газет, онлайн және мобильді нұсқаларын әлем бойынша 350 миллионнан астам адам оқиды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!