Ресей президенті Владимир Путин кеше Қытай төрағасы Си Цзиньпинді Бейжіңнің 2022 жылғы қысқы Олимпиялық ойындардың астанасы болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
«Ресей мемлекетінің басшысы құттықтау жеделхатында 2008 жылғы жазғы Олимпиаданың өте жоғары деңгейін атап өте келіп, 2002 жылғы қысқы Ойындардың одан төмен табыспен өтпейтініне, оның күллі әлемдегі спортшылар мен спорт әуесқойлары үшін ұмытылмас мерекеге айналатынына, сондай-аөқ КХР-дың бұдан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді», – делінген Кремль баспасөз қызметінің хабарламасында.
Владимир Путин сонымен қатар Қытайға алдағы Олимпиаданы дайындауға жан-жақты көмек көрсетуге әзір тұрғандарын атап өтті.
Бұдан бұрын Бейжіңнің әлемде жазғы ойындардан соң қысқы Олимпиаданы да өткізгелі тұрған бірінші ел болатыны айтылды.