Қытайдың бұрынғы бас басшысы Ху Цзиньтао елдің қазіргі төрағасы Си Цзиньпин қатысып отырған Коммунистік партияның съезінен қуылды. Бұл туралы бірнеше БАҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде Цзиньтаоға медициналық маска тағып алған екі ер адам келгені көрсетілген видео тарады. Цзиньтаоның қасында Си Цзиньпин отыр. Маска таққан ер адам Цзиньтаоны қолынан ұстап, залдан шығармақ болады.
79 жастағы саясаткер орнынан тұрған кезде ҚХР-дың қазіргі төрағасы Си Цзиньпинге бірнәрсе айтып үлгереді. Си Цзиньпин Ху Цзиньтаоға қарамайды, алайда оның сұрағына жауап бергендей болып басын изейді.
Партия өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірмеген. Ал түрлі БАҚ мәліметінше, Ху Цзиньтао АҚШ-пен қарым-қатынасты жақсартуды қолдағаны, Тайвань мәселесін шешуде күш қолдануға қарсыласы болғанын жазады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!