Қытайды бағындырған әнші Арай Айдархан қазақстандық әншілермен кездесті

Қытайда тұратын танымал әнші, композитор Арай Айдархан жақында қазақстандық әншілермен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балжан Бидаш, Серік Ибрагимов, Ayree сынды бір топ қазақстандық өнерпаздар Қытайда концерт беруге барғанда Қытайда тұратын танымал әнші, композитор Арай Айдарханмен жолыққан. 

"Арай әнді бұлай айтады деп ойламаппын. Ол Пекинде тұрады. Қытайға танымал, қазақ атын шығарып жүрген әнші, композитор, сценарист. Өте патриот, қазақ десе жанын береді. Әлеуметтік желіде көп отырмайды, бұл жақта инстаграмға тыйым салынған. Сонда да шығармашылығымен таныс болыңыздар", - деді Арай Айдарханның ән айтып отырған видеосымен бөліскен Балжан Бидаш. 

Айта кетейік, Арай Айдархан бірнеше жыл бұрын Қытайда байқауға қатысып, көпшілікті өнерімен тәнті еткен болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!