Қытайдан сатып ала бермей, өзімізде шығару керек - Сенат төрағасы

Қытайдан сатып ала бермей, өзімізде шығару керек - Сенат төрағасы
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) арналған батерея шығаруды қолға алу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Қазақстан өзге елдерден сатып алуды шектеу керек.

"Қазақстан (ЖЭК-ке арналған) батареяларды қалай өндіру жағын қарастыру керек. Қытайдан және басқа елдерден сатып ала бермей, өзіміз өндіруіміз керек. Бізде тұтынушылар да, шикізат та бар", - деді Мәулен Әшімбаев Сенатта өтіп жатқан парламенттік комиссия отырысында.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz