“Қытайдан көлік алғызып беремін“. Астанада автосалон директоры сотталды

Астанада сатып алушыларды алдаған автосалон директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Ол бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан көліктерді сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан. Кейін сатып алушылардан түскен қаражатты жеке мақсатына пайдаланған.

Көліктерді жеткізу жөніндегі міндетін орындап жатқандай етіп көрсету мақсатында жәбірленушілерге банк аударымдары жасалғаны туралы жалған құжаттар ұсынған. Оның әрекетінен 6 адам зардап шегіп, жалпы сомасы 128 млн теңгеден аса материалдық залал келген.

Сот үкімі

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеген. Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!