Ақмола облысы Қосшы қаласында әйел жергілікті тұрғындарды алдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
Астана және Қосшы қалаларының аумағында тұратын әйел Қытайдан арзан тауарларды (тұтыну тауарларын) жеткіземін деген сылтаумен 33 азаматтың 67 млн теңгеден аса қаражатын иемденген.
Әйел 2023 жылғы қыркүйекте көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында WhatsApp мессенджерінде топтар құрып, тауарларды нарықтағы төмен бағамен жарнамалаған.
"Қаражатты алғаннан кейін ол өз міндеттерін орындамай, алған ақшасын өз қажетіне жұмсаған", - деп жазылған мәліметте.
Сот шешімі
Қосшы қалалық сотының үкімімен әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова