Қытайдан әкелінген 39 тоннадан аса шабдалы мен сәбізден қауіпті зиянкестер анықталған

Қытайдан әкелінген 39 тоннадан аса шабдалы мен сәбізден қауіпті зиянкестер анықталған
Фото: gov.kz

Қытайдан әкелінген 39 тоннадан аса бүлінген шабдалы мен сәбіз шекарадан өткізілмеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, мұқият тексеріс жүргізіп, зертханалық сараптама жасау барысында жалпы салмағы 39,52 тонна болатын екі бірдей жүк легінен қауіпті зиянкестер анықталған.

"Салмағы 19 тонна шабдалы партиясынан шығыс жеміс жемірі табылды. Ал салмағы 20 тонна сәбіз партиясынан алтын түсті картоп нематодасы анықталды. Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама талаптарына сәйкес бүлінген өнім жедел кері қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

Жүктің иелеріне әкімшілік іс қозғалған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget