Қытайдағы шахта жарылысы: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қытайдағы шахта жарылысы: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге және бүкіл Қытай халқына кеншілердің қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Президент сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында көмір шахтасында газ жарылып, салдарынан 90 адам қаза тапты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget