- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытайдағы қазақстандық студенттер...
Қытайдағы қазақстандық студенттер Батырхан Шүкеновті еске алу видеосын түсірді
Қытайдағы қазақстандықтар Батырхан Шүкеновті еске алу видеосын түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Идеяның авторларының бірі Анель Базылованың айтуынша, студенттер Батырхан Шүкеновтің өз даусын қосқысы келген, себебі видеода марқұм мен жастар бірігіп ән айтып жатқандай көрінуі керек болған.
"Батырдың анасы мен туыстары көрсе екен деп едік. Түсірілім сәті қалай өтетініне уайымдадым, түсірілім командасын ұзақ іздедім. Оны режиссерлікке оқып жатқан қытайлық студенттер түсірді. Олар мені тыңдағаннан кейін көмектесуге қуана келісті. Көлдің жағалауында бір күн түсірдік. Режиссер Го Джен идеяны бірден түсінді. Қазақстанның Қытайдағы студенттері ассоциациясының жігіттері келді, олармен бірге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен достарымыз келді. Олар да Батырмен қоштасуға келді. Көзімізден жас шықты, қыздар ән айтып тұрып жылады", - деді Анель Базылова.
Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 53-ке қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. Дәл осы күні митингіде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әртістің туған күнінде еске алу кешін өткізу туралы мәлімдеме жасады.
М. Бисембаева