Қытайдағы жарылыс: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытайдағы жарылыс: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
Фото: Видео кадры

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта болған жарылыс салдарынан көптеген адам қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдар сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget