Қытайдағы дауыл: миллиондаған тұрғын эвакуацияланды

Қытайдағы дауыл: миллиондаған тұрғын эвакуацияланды

Қытайдың оңтүстігінде дүлей дауыл тұрып, Гуандун мен Хайнань провинциялары қатты зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Соның салдарынан миллиондаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Желдің екпіні сағатына 230 шақырымға жетеді. Қатты дауылдан үйлердің шатыры ұшып, қабырғалары сөгілген. Аймақтағы барлық электр желісі үзілді. Осыған байланысты мектептер жабылып, көлік қозғалысы тоқтады.

@hanoi24h.com.vn Bão Yagi thổi bay luôn cửa kính ở Trung Quốc #bão #yagi ♬ nhạc nền - Hà Nội 24 H

Сондай-ақ әуе рейстері кейінге шегерілді. Сарапшылардың есептеуінше, "Яги" атты тропикалық циклон кейінгі 10 жылда болмаған.

Айта кетейік, ай басында Филиппинде дәл осындай дауыл тұрып, 14 адам көз жұмды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек