Қытайлық және сингапурлық зерттеушілер генипавирустың бұған дейін белгісіз болған түрін анықтады. Вирусты 35 адам жұқтырған. Зерттеу New England Medicine (NEJM) медициналық журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бейжің микробиологиялық эпидемиология институты мен Сингапур ұлттық университетінің ғалымдары бірлесіп дайындаған мақалада генипавирустың зоонозды, жануарлардан шыққан жаңа түрі адамдарға да жұғатыны және Шаньдун мен Қытайдың Хэнань проввинциясынн анықталғаны жазылған. Авторлар вирусқа Ланъя (Langya henipavirus, LayV) генипавирусы деген атау қойған.
Аурудың негізгі симптомдары: қызба, миалгия, жөтел, шаршау, бұлшықет ауруы және жүрек айнуы. Зерттеушілер әзірге вирусты ауыр өткізген не қайтыс болған адамды тіркемеді. Ланъя вирусы парамиксовирустар тұқымдасына жатады.
Генипавирустың екі түрі адамға жұғатыны белгілі, ол - Нипах және Хендра вирустары. Айта кетейік, дүние жүзінде генипавирусқа қарсы вакцина жоқ. Вирусты емдеудің жалғыз жолы - аурудың асқынуын болдырмау үшін жасалатын терапия.