- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытайда тікелей эфирде...
Қытайда тікелей эфирде әйелін өртеген ер адам өлім жазасына кесілді
Қытайда әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде бұрынғы әйеліне шабуыл жасап, оны тірідей өртеп жіберген ер адам өлім жазасына кесілді. Үкім 23 шілдеде елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында шыққан, - деп хабарлайды CNN арнасы.
Жантүршігерлік оқиға 2020 жылдың қыркүйегінде болды.
Басылым мәліметінше, Лама мен Тан Лу 2009 жылы некелескен. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан шаршаған әйелі 2020 жылдың маусымында ажырасуға арыз берген. Бұл шешімге келіспеген күйеуі бұрынғы әйелінің үйіне барып, үстіне бір шелек бензин құйып, содан кейін оны өртеп жібереді. Қайғылы оқиға кезінде әйел тікелей эфирде отырған.
Кейінірек Лама аурухана реанимациясына түсіп, оның денесінің 90 пайызын күйік шалғаны белгілі болды. Туыстары оның денесі "көмір қалдығы" сияқты болып қалғанын айтты. Ал екі аптадан кейін әйел көз жұмды.
Лама әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы болған. Тибеттік келіншектің тик-токтағы оқырмандар саны жүз мыңнан асады.
Ол аталған платформада оптимистік постарымен танымал болған. Онда Лама ауылдың тіршілігін көрсетіп, тауларда серуендеп, түрлі шөптер жинап, тамақ дайындап, фонограммамен әндер орындаған. Ол мұның бәрін Тибеттің ұлттық костюмінде және макияжсыз түсірген.
Алайда, оқырмандар оның бұрынғы күйеуінен қысым көріп жүргенін білмеген.
Г. Досымшалова