Қазақстандағы сейсмикалық датчиктер Қытайдан кезекті дүмпулерді тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер асты дүмпулерін ЖШС "СБЗҰҒО" және сейсмикалық станциялар желісі 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. Магнитудасы - 4,1 MPV", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, 23 мамырда қазақстандық сейсмологтар Қытайда Алматының оңтүстік-шығысында бірден бес жер сілкінісін тіркеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!