Қытайдың CSR Sifang өндірістік компаниясы сутекті қуат негізінде қозғалатын әлемдегі алғашқы трамвайды құрастырды. «Синьхуа» ресурсының хабарлауынша, сутекті батареялар қондырылған трамвайды қуаттау үшін небәрі үш минут уақыт жұмсалады екен. Ал оның толық қуаты 100 шақырымға жетеді.
Трамвайдың артына жегілген үш вагонында 60 кісілік орын бар. Ол бір уақытта 400 адамды тасымалдай алады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, трамвай жаппай шығарылымға жіберілген.
Айта кетсек, бұл жобамен әлемнің көптеген өндіріс орталықтары айналысқан болатын. Атап айтқанда, Италияның Венеция қаласындағы вапоретто (өзен трамвайы) транспортын экологиялық таза жанармайға бейімдеуді жоспарлаған.
Сондай-ақ, Германиядағы Fraunhofer транспорттық және инфрақұрылымдық жүйелер Институты гибридті (трамвай мен автобус) сутекпен жүретін AutoTram қоғамдық транспортын құрасытырумен айналысуда. Жоспар бойынша, AutoTram сағатына 60 шақырым жылдамдыққа жетуі тиіс. Ал оның қуат жинақтау элементтері транспорттың жоғары жағында орналасқан.
Сурет: www.bloomberg.com
Ұқсас жазбалар:
Porsсhe туралы қызықты деректер
Tesla электромобилі Ferrari көлігін басып оза ала ма? (видео)
Алматыда автобустар арнайы жолақтармен ғана жүретін болады
BMW көліктерін смарт-көзілдірікпен басқаруға болады