Смартфоны қолынан түспейтін адамдардың оны қуаттаумен үнемі қиыналатыны белгілі. Себебі смартфондардың қуаты әрі кетсе бір күнге ғана жетеді. Сосын қуат көзін іздейміз. Смартфондар нарығында осы сынды проблеманы шешуді мақсат еткен компания өз жоспарын бөлісті. Қытайдың Oukitel компания инженерлерінің хабарлауынша, құрастырғалы жатқан смартфонның қуаты бір аптаға дейін жетеді екен.
Әзірге көпке белгісіз гаджеттің бірнеше суреті компанияның ресми сайтында жарияланды. Оның қуат жинақтау көлемі – сағатына 10 000 миллиАмпер. Салыстыра кетсек, Apple компаниясы ұсынған iPhone 6 смартфонының мүмкіндігі сағатына 1810 миллиАмпер болып табылады. Осылайша Қытайда шығарылатын аппараттың мүмкіндігі бес есе артпақ. Бір жағынан инновациялық мүмкіндік Oukitel смартфондарын біршама қалыңдайтынын дәйектейді. Дегенмен энергия сыйымдылығы жоғары болғанымен, қуаттау уақыты нарықтағы өзге смартфондармен бірдей болмақ.
Daily Mail Online ресурсында Қытайда құрастырылғалы жатқан жаңа аппарат қазіргі нарықта аналогы жоқ мүмкіндікке ие екенін айтылады. Мамандар ғаламторда жарияланған бірнеше фото арқылы оның техникалық мінездемесін болжауға тырысып жатыр. Қытайлық маркетологтар тұтынушылардың қызығушылығын арттыру үшін смартфонның жылдам қуатталатынын да нақты ескертіп отыр. Қазіргі технология қоғамында мұндай жаңалықтар даму үстінде. Ал Oukitel компаниясы осы жобасын жүзеге асыра алса, нарықта біршама өзгерістердің орын алатыны анық.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында Стэнфорд университетінің (АҚШ) ғалымдары небәрі бір минутта қуаттауға болатын батарея жасаған болатын. Сондай-ақ, алюминийден жасалған қуат жинақтағыш өзінің литий-ионды аналогтарына қарағанда отқа бейім емес.
Осыған дейін нарықта аты белгісіз қытайлық компанияның жобасы нарықтың беделді өкілдерін ойландырса, алдағы уақытта шығатын смартфондардың тұтыну уақыты ұлғаятыны сөзсіз. Ендеше мұның қандай нәтиже көрсететінін уақыт көрсетеді. Жоба сүбелі нәтиже бере қоймаса да, Oukitel смартфон алыптарына идея ұсынып үлгерді.