- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытайда қуаңшылық пен...
Қытайда қуаңшылық пен ашаршылық болуы мүмкін
Қытайдың оңтүстік провинциялары қуаңшылыққа ұшырап жатыр. Мұның соңы астық қурап, ашаршылыққа әкелуі мүмкін. Осылай деп хабарлады ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі (АШжАІМ).
Министрліктің дерегінше, оңтүстік аймақтың аптап ыстықтап зардап шегіп отырғанына осымен екінші ай екен. Шілде айынан бері күн ыстық. Ауа температурасы 40 градустан асып кеткен. 1961 жылдан бері бірінші мұндай аптап ыстық пен қуаңшылық көрінеді.
Ал қытайда астықтың 75 пайызы осы күз шағында жиналады. Биыл Қытай 650 млн тоннадан астам астық жинауы тиіс.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қытайдың алты әкімшілік-аумақтық бірлігінде 800 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы құрғақшылықтан зардап шекті. Оның ішінде Сычуань провинциясы мен Чунцин (Оңтүстік-Батыс Қытай) орталық бағынысындағы қала бар.
Қытайдың су ресурстары министрлігі осы аптада Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) орналасқан елдегі ең үлкен «Үш шатқал» су қоймасынан Янцзы өзенінің орта және төменгі ағысындағы су қорын толтыру үшін 500 млн текше метр су шығарғанын жариялады. Өзен деңгейі аптап ыстық пен құрғақшылықтың салдарынан төмендеп кеткен.
Қ. Слямбек