Қытай аумағында Қазақстан шекарасына жақын маңда магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі 1 қыркүйекте кешке болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел мәліметі бойынша жер сілкінісі 1 қыркүйекте Астана уақытымен 22:58-де тіркелген. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,1, энергетикалық класы - 9,6.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 405 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған мәліметте.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпуі сезілгені туралы ақпарат жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова