Қытайдағы қазақ мектептеріне "Қара жорға" мен "Қамажай" билері ресми түрде оқу бағдарламасына енді. Бұдан былай оқушылар күнделікті жаттығудың орнына би қимылдарын жасайды.
Бұл бастамаға жергілікті билік ешқандай қарсылық танытпаған. Керісінше, оны бірден қолдап, міндетті оқу жүйесіне бекіткен екен. Бірақ бұл билерді тойда билейтін "Қара жорға" немесе "Қамажаймен" шатастыруға болмайды. Олардың сөзі, әні, тіпті қимылына дейін оқушыларға бейімделіп жасалған. Осылайша мектеп ұжымы күніне 25 минуттық үлкен үзілісте бидің қимылдарын келтіреді екен.
Дереккөз: tengrinews