Қытайдың орталығындағы Хунань провинциясында жол апаты салдарынан шамамен 16 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Xinhua.
Сонымен қатар, 10 минут ішінде 49 көлік соқтығысқан. Жол апатынан 66 адам зардап шеккен, сегізі ауыр жарақат алған. Зардап шеккендер ауруханаға жіберілген.
Оқиғаға байланысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ТЖМ оқиға орнына жұмыс тобын жіберген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!