Қытайдағы зілзаладан опат болғандардың саны 3 адамға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
5 адам жарақат алған. 12 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілген. Мұндай ақпаратты жергілікті БАҚ таратты.
Қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономдық ауданындағы Уши уезінде 7,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Еске салайық, кеше Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындары да жер сілкінісін сезінгені хабарланды.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 15.1. MPV магнитудасы - 6.7. Эпицентрдің координаттары 41.22° С. Е. 78.65° ш.б. Алматы - 5 балл, Шымкент - 2 балл" - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!