- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытайда интернет қолданушылар...
Қытайда интернет қолданушылар үшін "фейс-тексеру" енгізіледі
Қытай үкіметі 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап телекоммуникациялық компаниялар жеке басты куәландыру үшін интернет пайдаланушылардың бетін сканерлейтіндігін мәлімдеді. Бұл жайлы Business Insider хабарлайды.
Жаңа ережеге сай енді Қытай азаматтары жақын арада интернет қызметіне тіркелу немесе жаңа телефон нөмірін алу үшін "фейс-тексеруден" өтуі керек. Тексерістен өтпеген жағдайда пайдаланушы интернет қызметтеріне қол жеткізе алмайды. Бүгінде Қытайда 854 миллион интернет қолданушы бар.
Интернет пен технологияларды реттеуге жауапты Қытай өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі (MIIT) жаңа ережені киберкеңістіктегі азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және алаяқтықтың алдын алу бойынша қадамдарының бір бөлігі деп атады.
Осылайша, Қытай қоңыраулар мен интернет үшін face ID орнатқан алғашқы мемлекет болмақ. Сонымен қатар, жаңа ережелер сим-карталарды басқа адамдарға беруге тыйым салады.
Қытайда сканерлеу жүйесі бірнеше салада іске қосылған. Жобаны іске асыру үшін 2015 жылы мемлекетте әлемдегі ең ірі камералар желісі салынды. Бейнебақылау жүйесі негізінде билік әлеуметтік рейтинг жүйесін енгізді. Рейтингте заңды бұзған немесе биліктің пікірінше дұрыс емес мінез-құлық көрсеткен адамдардың тізімі көрсетіледі.
Дереккөз: factcheck.kz
Massaget