- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытайда экс-министр өлім...
Қытайда экс-министр өлім жазасына кесілді
Қытай соты Қытайдың бұрынғы әділет министрі Фу Чжэнхуаны өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды CNA.
Басылым мәліметінше, сотталушы өз кінәсін толық мойындағанына қарамастан, өлім үкімі шығарылған. Сонымен қатар, саясаткерге сот шешімі екі жыл кейінге қалдырылғаннан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойы мерзім алуы мүмкін деген ескерту жасалған. Сот шешіміне сәйкес, сотталушы саяси құқығынан айырылған, оның мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленген.
Фу 2018 жылы әділет министрі болғанға дейін Қоғамдық қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары болып, көптеген маңызды тергеу мен репрессияны, соның ішінде он жыл бұрын парақорлық үшін сотталған Чжоу Юнканға қатысты жүргізілген тергеуді басқарған. Шілдеде саясаткер 117 миллион юаньнан (16,5 миллион доллар) аса пара алғанын мойындаған.
Өлім жазасын екі жылға кейінге қалдыру ҚХР-да кең таралған тәжірибе саналады. ҚХР Қылмыстық кодексінің 50-бабына сәйкес, сотталған адам екі жыл ішінде қасақана қылмыс жасамаса, өлім жазасы өмір бойына ауыстырылуы мүмкін. Әдетте кейінге қалдыру деген өлім жазасынан босату дегенді білдіреді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова