- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытайда дәретхана қағазы...
Қытайда дәретхана қағазы адамның әлеуметтік мәртебесіне байланысты берілетіні рас па?
Instagram-да желі қолданушылары адамды тану жүйесі бар диспенсерден дәретхана қағазын алуға тырысқан екі әйелдің видеосын талқылап жатыр. Олардың бірі құрылғыдан ештеңе ала алмайды, ал екіншісі қағазды алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде дәретхана қағазы әр азаматтың әлеуметтік мәртебесіне байланысты беріледі деген ақпарат тарап жатыр. Бұл жалған.
Суреттерді кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен видеода көрсетілген құрылғының атауы мен моделі анықталыпты. Бұл - бетті тану жүйесі бар дәретхана қағазының диспенсері.
"Олар Қытайда кейбір қоғамдық орындарда орнатылды. Мақсаты - жеке қажеттіліктері үшін қағазды орамымен ұрлайтындармен күресу. Бұл ретте диспенсерлерде ешқандай деректер сақталмайтыны және ешқайда жіберілмейтіні хабарланды. Оны өндірушілердің айтуынша, құрылғыны пайдаланған адамдардың суреттері он минуттан кейін жойылып отырған. Қытай тұрғындары бұған сенбей, желіде осындай инновацияларға қарсы жаппай қарсы шықты", - делінген басылым мәліметінде.
2020 жылы халықтың наразылығына байланысты мұндай диспенсерлердің көбі алып тасталыпты. Видеода, расында да, бетті тану функциясы бар дәретхана қағазының диспенсерлері көрсетілген. Алайда олардың адамның әлеуметтік мәртебесіне ешқандай қатысы жоқ. Мұндай құрылғылар қоғамдық орындарда дәретхана қағазын ұрлау деректеріне жол бермеу үшін орнатылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова