- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытайда дәмдеуіштер қосылған...
Қытайда дәмдеуіштер қосылған тас жеу пайдалы деп жарияланғаны рас па?
Әлеуметтік желілерде Қытайда тас жеу пайдалы деп жарияланғаны туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Қытайда адамдар тас жей бастағаны туралы ақпарат - манипуляция. Ол CNN телеарнасының 2023 жылғы 23 маусымдағы репортажына негізделген. Онда қазіргі заманда Қытайда көшеде тамақтану сәнге айналғаны туралы айтылды. Кең тараған тағамдардың бірі - суодио. Бұл дәмдеуіштер қосылған және майға қуырылған өзен тастары. Алайда CNN репортажында, біріншіден, тасты жеу қажет емес екені айтылған, оны сорып, тастау керек делінген. Екіншіден, суодио - жүздеген жылдар бұрын қытай балықшылары ойлап тапқан ежелгі тағам. Олар қыздырылған өзен тастары тағамға қосатын дәмдеуіштер мен көкөністің дәмін сіңіреді деп санаған.
Суодионың пайдалы екені туралы CNN репортажында да, басқа жерде де айтылмаған. Желіде ерекше тастарды пісіріп "жеген" адамдардың видеосы бар, бірақ бұл - дәстүрлі құнарлы тағамнан гөрі сәнге деген құрмет және жаңа нәрсені татып көруге деген ұмтылыс.
Олай болса, Қытайда тас жеу пайдалы деп жарияланғаны туралы ақпарат өтірік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова