Қытайда кейінгі айда коронавирустан 60 мың адам қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қайтыс болғандардың 90 пайызы жасы 65-тен асқан қарт адамдар.
Қытайда қараша айында шектеулерге қарсы жаппай наразылық басталып, желтоқсанда оның көбі алынып тасталды. Салдарынан елде індеттің таралуы қайта күшейді.
Бірақ өткен аптада жергілікті билік шектеулерді тағы жеңілдетіп, шетелдіктерге қатысты карантин шараларын жойды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!