Қытайдың Гуандун провинциясы Чаочжоу қаласында басқарусыз қалған Tesla көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, екі адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Global Times.
Басылым мәліметінше, жол апаты жүргізуші Tesla Model-Y-ды тұраққа қойған кезде болған. Электромобиль кенет жоғары жылдамдықпен жүріп, екі мотоциклмен және екі велосипедпен соқтығысқан. Салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған.
Полиция жүргізушінің ішімдік немесе есірткіге мас күйде көлік жүргізбегенін мәлімдеп, көлік тексерілетінін атап өткен.
Tesla мәліметінше, жол апаты туралы видео көлік жылдамдығын арттырған кезде оның тежегіш шамдары жанбағанын көрсеткен. Сонымен қатар, компания оқиғаны тергеуде көмек көрсетілетінін мәлімдеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!