Қытайдың Таншань қаласында Астанадағы LRT үшін алғашқы вагондар құрастырыла бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс берілген. Алғашқы пойыздар қыркүйекте Астанаға әкелінеді деп жоспарланып отыр, содан кейін оларды тестілеу басталады.
Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппарат кешенімен жабдықталады, ол мынадай функцияларға ие:
Мәліметке сүйенсек, төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден аса жолаушыны сыйғыза алады.
Салондарда берік материалдар, соның ішінде органосиликат былғары мен шыны талшықты композит қолданылмақ.
Құрамдар заманауи ақпараттандыру жүйелерімен жабдықталады:
Ақпаратқа сүйенсек, Астана климатының ерекшелігі ескеріліп, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электр жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенет температура өзгергенде әйнек булануының алдын алады.
Әкімдік мәліметінше, қазір алюминий қорытпасынан жасалған корпус элементтерін дайындау және дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы жылжымалы құрамдар мамырдың соңына дейін дайын болады. Ал қыркүйекте алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін тестілік сынақтар басталады.
"Тест режимінде іске қосу - пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл кезеңде барлық инфрақұрылым элементі, жылжымалы құрам және барлық жабдық тексеріледі, соның ішінде рельстердің бүтіндігі, электрмен жабдықтау жүйесі, телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақ барысында үлкен көлемде дерек жиналып, талданады, соның нәтижесі бойынша LRT жүйесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданады. Алғашқы тестілік іске қосу биыл қыркүйекке жоспарланған, бұл сынақтар бірнеше айға созылады", – деп түсіндірді "City Transportation Systems" ЖШС басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!