Қытайдың мобильді гаджеттер нарығына iPhone 6S смартфонының көшірмесі шығарылды. Құрылғының бағасы небәрі 37 доллар тұрады. Бұл оның түпнұсқасынан 15 есе арзан.
Бүгінде танымал Apple, HTC, Samsung брендтерінің смартфон модельдерін көшіріп шығарып, сатып жүргендер өте көп. Олардың сапасы нашар болып, толыққанды жұмыс істемейтіні белгілі. Бірақ, осы iPhone 6S көшірмесін жасап шығарған қытайлық өндірушілер аппараттың түпнұсқа айфоннан ешбір айырмашылығы жоқтығын алға тартуда.
Құны 37 доллар тұратын iPhone 6S сипаттамасы: экраны - 5 дюйм, микропроцессоры - Spreadtrum SC773, оперативті жады - 512 МБ, флеш-карта жадысы: 4 ГБ. Бұл айфонға 2 SIM-карта салуға болады.
Дереккөз: 24.kz