• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қытайда 35 адамды қаққан жүргізуші өлім жазасына кесілді

Қытайда 35 адамды қаққан жүргізуші өлім жазасына кесілді
Фото: Видеодан скрин

Қытайда 62 жастағы жүргізуші Фань Вэйцюға қатысты өлім жазасы кесілді. Ол адам шоғыры көп жерге барып көлігін соққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CCTV-ге сілтеме жасап.

Сот айыпталушы қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретінін анықтап, оны өлім жазасына кесуге шешім шығарды. Сот үкімі шыққаннан кейін Фань апелляция бермеген. Сот үкімінің орындалу әдісі нақтыланған жоқ.

Еске сала кетсек, бұл қайғылы оқиға 2024 жылдың қараша айында Қытайдың Чжухай қаласында орын алды. Фань Вэйцю джипті басқарып, Чжухай Стадиум спорттық орталығында жаяу жүргіншілер жолына шығып, 35 адамның өліміне, 43 адамның жарақат алуына себеп болды.

Апаттан кейін жүргізуші мойнын жарақаттап, комаға түскен. Қытайлық БАҚ өкілдері бұл көлік соғуға себеп болған жағдайдың ерлі-зайыптылардың ажырасуы кезінде мүлік бөлінісімен байланысты екенін жазған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget