Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Украинадағы азаматтарын елден кетуге шақырды. Бұл туралы Twitter-де Global Times басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта Украинада күрделі жағдай болып жатыр. СІМ мен Қытайдың Украинадағы елшілігі әлі де сол жақта жүрген ҚХР азаматтары болса, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатқанын алға тарта отырып, елге қайтуды ескертеді. Украинадағы елшілік эвакуациялау шарасын ұйымдастыруға дайын", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!